Сирияның солтүстігінде 7 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

1391478
Сирияның солтүстігінде 7 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігіне жасаған операцияда PKK/YPG-лік 7 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде террористтердің «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына шабуылдағаны, «Бейбітшілік бұлағы» аймағына кіруге әрекет жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткен қауіпсіздік күштеріміз "Евфрат қалқаны" операциялық аймағына қарулы шабуыл жасаған PKK/YPG-лік 2 террорист пен "Бейбітшілік бұлағы" аймағына кіруге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 5 террористті залалсыздандырды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар