Стамбұлда екі емхана салынады

Ердоған: "Йешилкөй Ататүрік Әуежайы және Санжактепеде екі емхана саламыз. 45 күн ішінде емхананы бітіреміз" деді.

1392439
Стамбұлда екі емхана салынады

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типті коронавируспен (Сovid-19) күрес аясында Стамбұлда 2 емхана салынатынын жариялады.

Ердоған коронавируспен күрес шаралары аясында ағымдағы апта видео конференция жолымен өткізілген кабинет жиналысынан кейін мәлімдемелер жасады. 

Індетке қарсы сатылап тың шешімдер қабылданғанын айтқан президент: "Йешилкөй Ататүрік Әуежайы және Санжактепеде екі емхана саламыз. 45 күн ішінде емхананы бітіреміз" деді.

Күніне 40 мыңнан астам адамға коронавирус тесті жасалып, маңызды ілгерлеу болғанын айтқан Ердоған емханаларда тексеру және емдеу тақырыбында бір қиыншылық кездеспегенін білдірді.

Түркияның денсаулықтан азық-түлікке және тазалық өнімдеріне дейін жағдайы жақсы екенін айтқан Ердоған:

"Мемлекет осы күндер үшін қажетті. Көрсетіліп отырған бірлік, береке және ұйымшылдық үшін алғысым шексіз" деді.

Ердоған коронавирус шаралары аясында жұмыстанған және міндет атқарғандардан тыс, қалған барлық азаматтардың үйде отыруын қамдап, адамдардың қозғалысын шектеуге бел байлағандарын айтты.

"Аталмыш індетті жеңетін мүмкіндіктерге ғана емес, сонымен бірге жақсы көңіл күй мен шешімділікке де иеміз" деген Ердоған сөздерін одан ары жалғады: "Үйде отырған күндерімізде жинаған күш-қуатымызды алдағы кезеңде тіпті көп еңбектенуге, тіпті көп өндіруге жұмсайтын боламыз."



Ұқсас жаңалықтар