Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Тель-Авивте

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу "Қарым-қатынастарымыз жаңа белеске жетті. Қазір іскерлер үшін шарттар өте ыңғайлы болды" деді.

1832885
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Тель-Авивте

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапар аясында Тель-Авивте Израиль-Түркия Бизнес Кеңесі мүшелерімен кездесті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бұл жерде сөйлеген сөзінде Түркия мен Израиль арасында жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің алғашқы кезеңінде 6 миллиард долар болғанына, сондай-ақ екі жақтылы сауда көлемінің мөлшермен 30 пайыздық артумен 2021 жылы 8 миллиард доллардан асқанынна назар аударды. 

Чавушоғлу сәуір айында Тель-Авивтегі Бен Гурион Халықаралық әуежайына ең көп  рейстің Стамбулдан келгенін білдірді. Мевлүт Чавушоғлу  Израильмен технология, энергия, ауыл шаруашылық технологиялары сынды салада ынтымақтастық жасағанын, сондай-ақ түрік фирмаларының құрылыс секторда көп үлес қосқанын айтты. 

Чавушоғлу бұл жердегі іскерлерге үн қатып "Түркия-Израиль қарым-қатынастарында толқымалы өзгерістерге қарамастан сауда қарым-қатынастарымыз әрқашан күшті болды. Бұл сіздердің еңбектеріңіз және Түркияға деген сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында жүзеге асты. Қарым-қатынастарымыз жаңа белеске жетті. Қазір іскерлер үшін шарттар өте ыңғайлы болды" деді. 

Түркияның күшті экономикасы, дамыған инфрақұрылымы және жұмыс күші әлеуетімен инвесторларды тартқанын түсіндірген министр Чавушоғлу "Үндеулерімізді Израиль іскерлеріне жеткізу тақырыбында сіздерге сенеміз" деді. 

Бат-Ям қаласындағы Түркиялық одағына барған Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Израильге жасаған ресми сапарға байланысты "Қарым-қатынастарымыздың әр салада жақсаруы үшін барлық ынта-жігерімізді жұмсадық. Қиын күндер болса да қарым-қатынастарымызды жалғастыруға табандымыз" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар