Сыртқы істер министрі Ливанға кетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми байланыстармен Ливанға кетті.

28 Ağustos 2019 22:18

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми байланыстармен Ливанға кетті.

Министр Чавушоғлу мен қасындағы делегацияны бас қала Бейруттағы Рефик Харири Халықаралық әуежайында Түркияның Ливандағы өкілетті елшісі Хакан Чакыл,  Ливан Сыртқы істер министрлігі протокол бас директоры Нежла Асакир мен басқа да лауазым иелері қарсы алды.

Чавушоғлу әлеуметтік желіде «Екі жақты кездесулер өткізу мақсатымен дос ел Ливандамыз» деп жазды.

Сыртқы істер министрі Ливан президенті Мишель Авнмен кездеседі.  артынан Мәжіліс төрағасы Небих Берри, премьер-министрі Саад әл Харири,  Сыртқы істер министрі Жибран Басил және Ішкі істер министрі Рая әл Хасанмен кездесу өткізеді.

Кездесулерде екі ел арасындағы қарым-қатынастар және аймақтық мәселелер қолға алынады.

Министр Ливан сапары шеңберінде осы елде өмір сүретін түрік азаматтарымен де бас қосады.