Таксим мешіті келесі жылы ашылады

Ататүрік атындағы орталық та алтыншы айға үлгереді.

1518937
Таксим мешіті келесі жылы ашылады

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда құрылысы жүріп жатқан Таксим мешітінің келесі жылы, Ататүрік мәдениет орталығы құрылысының да 2021 жылдың алтынша айында аяқталатынын айтты.

Ердоған құрылысы жүріп жатқан Таксим мешіті мен жаңа мәдениет орталығына барып,  журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ердоған: «Таксим мешіті құрылысының келесі ораза айына аяқталуы мүмкін екенін айтты.  Ататүрік атындағы мәдениет орталығы болса келесі жылдың алтыншы айына жетісіп қалуы мүмкін. Бұл үшін Мәдениет және туризм министрі барлық күшін жұмсауда» деді.

Президент Ердоған Түркияның бұрынғы премьер-министрлерінің бірі Месут Йылмаздың қайтыс болуына байланысты: «Отбасына, жұбайына көңіл айтамын, Алладан рақым тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар