Текирдағ депутаты Мустафа Шентоп ТҰҰМ төрағалығына қайта сайланды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы Кеңесінде болып өткен үшінші тур дауыс беру отырысына 557 депутат қатысты.

1451215
Текирдағ депутаты Мустафа Шентоп ТҰҰМ төрағалығына қайта сайланды

Әділет және даму партиясының Текирдағ депутаты Мустафа Шентоп Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) Жалпы кеңес жиналысындағы үшінші тур дауыс беруде 328 дауыс жинап, парламент спикері болып қайта сайланды.

Жалпы Кеңестегі үшінші тур дауыс беруге 557 депутат қатысты.

Әділет және даму партиясының Текирдағ депутаты Мустафа Шентоп 328, Республикашыл халық партиясы Анкара депутаты Халук Коч 134, Халықтардың демократия партиясы Стамбул депутаты Эрол Катырджыоғлу 51, İYİ партия Газиантеп депутаты Имам Хусейин Филиз 37 дауыс жинады. 7 дауыс өтімсіз болып шықты.

Бұған қарағанда Мұстафа Шентоп үшінші тур дауыс беруде жалпы мүше санының көпшілігі болған 301 дауыстан асып, ТҰҰМ төрағасы сайланды.

Басқа жағынан президент Режеп Тайып Ердоған ТҰҰМ төрағалығына қайта сайланған Мұстафа Шентопқа телефон шалып құттықтады.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған ТҰҰМ төрағасы Шентопқа телеграмма жолдап, табыс тіледі.



Ұқсас жаңалықтар