Телль-Абьяд ауданында бомбалы шабуыл

«Бейбітшілік бұлағы» операциясымен террордан тазаланған Телль-Абьяд аудан орталығына шабуыл жасалды.

1451308
Телль-Абьяд ауданында бомбалы шабуыл

Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауындағы Телль-Абьяд ауданында бомба тиелген көлікпен жасалған террор шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 3 бала 6 жазықсыз адам қаза тапты, 7 жазықсыз адам жарақат алды.

Түрік Қарулы күштері және Сирия Ұлттық армиясы ортақ ұйымдастырған «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен террордан тазаланған Телль-Абьяд аудан орталығында жарылыс болды.

Бір көлікке тиелген бомбаның жарылу салдарынан алғашқы мағлұматтарға қарағанда 3 бала 6 бейбіт адам қаза тапты, 7 адам жарақат алды.

Жаралылар арасында жағдайы ауыр күйдегі 4 бейбіт адам емдеу үшін Түркияға әкелінді. Жарылыс салдарынан айналаға материалды зиян келді.

Жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылды YPG/PKK-ның жасағанын болжауда.

Аймақта қауіпсіздік шараларын арттырған қауіпсіздік күштері бомба тиелгені алға тартылған басқа бір көліктің ізіне түсті.



Ұқсас жаңалықтар