Террор ұйымынан қашқан қыз жанұясына қауышты

Айхан жанұясына қыздарының террор ұйымынан қашып қауіпсіздік күштеріне берілгенін Ішкі істер министрі сүйіншіледі.

1361040
Террор ұйымынан қашқан қыз жанұясына қауышты

Диярбакырда бөлшектеуші террор ұйымы PKK алып қашқан балалар үшін Халықтардың демократия партиясының (ХДП) қалалық филиалы алдында жалғасқан акцияға қатысқан Айхан жанұясының қызы қайтып келді.

Каяпынар ауданынан 13 қаңтар күні қалаға келіп, ХДП ғимараты алдындағы акцияға қосылған Айхан жанұясының қызы қауіпсіздік күштеріне берілді. Геврийе Айханға кеше телефон шалған Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу жанұяға сүйіншіні берді. Артынан қызының террор ұйымынан қашып, Шанлыурфада қауіпсіздік күштеріне берілгенін хабар алған Геврийе Айхан қалалық Полиция дирекциясының террормен күрес бөлімшесіне екі баласымен келіп қызына қауышты.

Көзіне жас алған ана 5 жылдық мерзімнің артынан қызын құшақтады.

Диярбакырдағы ХДП ғимараты алдында акцияға қатысқан жанұялардың тағы біреуі баласына қауышып, қайтқан балалардың саны 7-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар