Террористтер бейбіт халыққа шабуылдады

ПКК террористері ұйымдастырған шабуылда 4 адам қаза тапты

1268610
Террористтер бейбіт халыққа шабуылдады

Диярбакырдың Кулп ауылдық округінде отын жинауға шыққан азаматтарды алып жүретін көлікке ПКК террористері ұйымдастырған шабуылда 4 адам қаза тапты, 13 адам жараланды.

Жараланғандар Кулп және Диярбакырдағы түрлі ауруханаларға жеткізілді.

Қауіпсіздік күштері шабуыл жасағандарды анықтауға кірісті.

Барша шабуылда қаза болған азаматтарға Алланың мейірімі, олардың туыстары мен түрік халқына көңіл айтып, сабыр тіледі.

Президент Режеп Тайып Ердоған Диярбакыр губернаторы Хасан Басри Гузелоглумен телефон арқылы сөйлесті, террорлық шабуыл туралы ақпарат алды.

Террорлық шабуылда қайтыс болған азаматтарға Құдайдың мейірімі, жараланған азаматтарға шипа тілеген Ердоған террорлық шабуылға жауаптыларды барынша тез арада ұстауға тырысатындарын және оқиғаларды қадағалайтындарын білдірді.

Президент сонымен бірге шейіт туыстарына телефон шалып, көңіл айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Twitter арқылы мәлімдеме жариялап, бейбіт тұрғындарға жасалған бұл қанды шабуыл ешқашан жауапсыз қалмайтынын айтты.

Республикалық халық партиясының (CHP) жетекшісі Кемал Кылычдароғлу да өзінің Twitter-дегі парақшасында Диярбакырдағы террорлық әрекетті айыптады.



Ұқсас жаңалықтар