"Террормен күресті үздіксіз жалғастырамыз"

Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

1269082
"Террормен күресті үздіксіз жалғастырамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күресті үздіксіз жалғастыратындарын айтты.

Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Ердоған кеше сепаратистік террор ұйымы ПКК-ның Диярбакырда бейбіт тұрғындарға жасалған бомбалы шабуылына тоқталды.

«Алладан шейіттерімізге рақым, жаралыларға шипа тілеймін.  Мен шейіттердің отбасыларымен сөйлестім. «Біз көп жылдар бойы шейіт болып келеміз, олар бізді қорқыта алмайды» дейді. Біз Түркия Республикасы ретінде жеңіске жетеміз» деді ол.

Ердоған: «Шабуылға байланысты Халықтың Демократиялық партиясынан (HDP) тұтқындау оқиғалары болды, менің ойымша басқа да тұтқындаулар болады” деді.

Ердоған сонымен бірге Диярбакырда ПКК тарапынан балалары алып қашырылған аналарға қолдау білдіріп, мемлекет ретінде олардың жанында екенін айтты.

Сириядағы оқиғаларға тоқталған Ердоған: «Сирия саммиті - бұл процесс. Ол Сочиде басталып, Анкара мен Тегеранда жалғасты. Сочи, содан кейін біз Анкарада жалғастырамыз. Осы саммитте біз Идлибтегі оқиғаларды талқылайтын боламыз» деді.

Ердоған сонымен қатар Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіз аймақ тақырыбына тоқталды.

«Коалициялық күштер жұмыстанып жатыр, олармен кездесудеміз. (Америка Құрама Штаттарының Президенті) Дональд Трамп мырза бұдан бұрын 20 миль деп аталған аймақтағы іс-шараларымыз, Түрік Қарулы Күштері мүшелері мен Америка Құрама Штаттары мүшелері кездесулер жүргізуде. Бірнеше тақырыпта келісімге келді. Біздің тікұшақтарымыз бірлесіп, әуе операцияларын жүргізеді. Біз АҚШ-тың сепаратистік террористік ұйым PYD/YPG/PKK-ға байланысты ұстанымын маңызды деп есептейміз.  Біз қалаған көзқарас бар ма? Әзірге ешқандай көзқарас жоқ» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар