TRT халықаралық деңгейде сыйлық алды

TRT  «Жастарға арналған журналистика» бағдарламасымен бірінші орын алды.

1270215
TRT халықаралық деңгейде сыйлық алды

TRT Түркия Радио Теледидар Мекемесі халықаралық аренадағы табыстарына жаңасын қосты.

«Өзгеріске шабыт бол» деген ұранмен жастарға журналистиканың қақпасын ашқан TRT әлеуметтік жауапкершілік жобасы аясында TRT World Citizen құрамындағы  «Жастарға арналған журналистика» бағдарламасымен бірінші орын алды.

Жоба әлемдегі ең ықпалды медиа, ойын-сауық және технология жәрмеңкесі IBC 2019-де Әлеуметтік Ықпал жүлделерінің бірін  иеленді.

Нидерландының бас қаласы Амстердамда жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық IBC жәрмеңкесінің жазбаша мәлімдемесінде TRT -нің «Жастарға арналған журналистика» жобасының «Әртүрлілікті мойындау және инклюзивтік бастамалар» сыйлығына лайық деп танылғаны айтылды.

TRT осы санаттағы британдық хабар таратушы компанияның бағдарламасын  басып озды.

TRT -нің бас директоры Ибрахим Ерен осы тақырыпта: «Жастар үшін журналистика жобасы аясында тек Түркия емес,  Түркия тысында да көптеген елге барып,  жастарға журналистика сабағын берген TRT-дегі барша әріптестерімді құттықтаймын», деді.

TRT -мен бірге сыйлық алғандар арасында «Жүзіктер әміршісі» атты кинофильмде Голлумды сомдаған танымал актер Энди Серкис те болды.

 Жастарға арналған журналистика жобасында бүгінге дейін  әр түрлі әлеуметтік топтардан келген мыңнан астам жас журналист білім алды.



Ұқсас жаңалықтар