"Turcovac"-тың 3-ші фазалық зерттеуіне 846 мың 451 адам ерікті болды

Министр Фахреттин Кожа Твиттерден мәлімдеме жасады.

1663187
"Turcovac"-тың 3-ші фазалық зерттеуіне 846 мың 451 адам ерікті болды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа отандық жаңа типтегі коронавирус вакцинасы «Turkovac»-ты зерттеудің 3-сатысына қатысу үшін ерікті болуға 846 мың 451 адамның өтініш білдіргенін мәлімдеді.

Фахреттин Кожа Твиттерде жасаған мәлімдемесінде «Turkovac-тың 3-ші сатылық зерттеулерінде бірінші доза қолданылды. 40 мың 800 еріктінің қолдауы қажет болғанымен «E-Nabız» бағдарламасы арқылы 846 мың 451 өтініш келіп түсті. Біз нәтижеге толықтай сенеміз. Жақында өз вакцинасын шығаратын және вакцинасы әлемде қолданылатын санаулы елдердің бірі боламыз» деді.

Кайсери Эрджийес Университеті және Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркияның Денсаулық сақтау институттарының басшылығымен бірлесе отырып жетілдірген «Turkovac» зерттеуінің 3 сатысында алғашқы доза вакцинация бағдарламасы кеше Анкара қалалық ауруханасында басталды.



Ұқсас жаңалықтар