Түрік делегациясы Мәскеуге барады

Чавушоғлұ жексенбі күні түрік делегациясының Идлиб мәселесін қолға алу үшін Ресейге баратынын айтты.

1360092
Түрік делегациясы Мәскеуге барады

Түрік делегациясы Мәскеуге барады.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ жексенбі күні түрік делегациясының Идлиб мәселесін қолға алу үшін Ресейге баратынын айтты.

«56-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына» қатысу үшін Мюнхенге барған Чавушоғлұ Германия сыртқы істер министрі Хайко Мааспен бірге ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

 Мааспен өткізген кездесуде Идлиб тақырыбының күн тәртіпке келгенін баяндаған Чавушоғлұ Идлибте режимнің саяси шешім орнына әскери шешімге сенгенін және соңғы кездерде шабуылын арттырғанын білдірді.

Чавушоғлұ бұл шабуылдарды доғару үшін Түркияның Ресеймен бірге атсалысқанына тоқталып, «Жексенбі күні біздің делегациямыз Мәскеуге барады. Бұдан бұрын Ресей делегациясы Анкараға келген еді. Кездесулерімізді жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар