Түрік Әуе жолдары Еуропада бірінші орында

Eurocontrol ұшу графикасы туралы 18-24 қаңтар аралығын қамтитын есебін жариялады.

1571429
Түрік Әуе жолдары Еуропада бірінші орында

Еуропа Әуе қатынасы басқару орталығының (Eurocontrol) жариялаған мағлұматтар бойынша Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) мен Стамбул әуежайы қаңтар айының 3-ші аптасы Еуропада бірінші орын алды.

Eurocontrol ұшу графикасы туралы 18-24 қаңтар аралығын қамтитын есебін жариялады.

Есепке қарағанда ТӘЖ өткен апта күніне ұшқан 596 рейсімен еуропалық қарсыластарынан асып түсті.

Pegasus Airlines болса тәулігіне орташа есеппен 247 рейспен тізімде 5-ші орынға көтерілді.

Аталмыш есепте Түркияның әлемге «ашылған қақпасы» деп қабылданған Стамбул әуежайы 18-24 қаңтар күндерін қамтитын апта күніне орташа 484 ұшу санымен Еуропадағы әуежайлар арасында бірінші орын алды.

Стамбул әуежайы апталық тұрғыдан ең жоғарғы ұшу санына 22 қаңтар күні 564 рейспен қол жеткізді.

Стамбул әуежайынан кейін кезегімен Париж Шарль Де Голль, Амстердам Шипол және Франкфурт әуежайы келді.

Стамбул Гранд Аэропорт ресми аккаунттынан жасаған мәлімдемеде «Біз Еуропада біріншіміз. 18-24 қаңтар Eurocontrol мәліметтері бойынша біз ең көп рейс ұшқан әуежайға айналдық. Сіздерге қауіпсіз ұшу тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар