Түркия берген қолдауға Ливиядан мақтау

Ливия Ұлттық Келіссөз Үкіметінің Ішкі істер министрі Али Фетхи Башаға Түркияның еліне берген қолдауын мақтады.

1166189
Түркия берген қолдауға Ливиядан мақтау

Ливия ішкі істер министрлігі Түркияның Триполидегі өкілетті елшісі Серхат Аксен мен Ливия Ішкі істер министрі Али Фетхи Башағаның Триполиде бас қосқанын мәлімдеді.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық қолға алынған жиналыста Башағаның Ливияның қауіпсіздік пен экономикасына Түркия берген қолдауды мақтан тұтып тілге тиек еткенін атап көрсетті.

Бас қосуда өкілетті елші Аксен де бас қала Триполи және айналасында әсіресе қауіпсіздік саласында Ішкі істер министрлігі ортаға қойған талпыныс пен қалпына келтіру жұмыстарының маңызына назар аударды.

Мұнайға бай араб елі Ливияда 2011 жылдан бері жалғасқан саяси және қауіпсіздік дағдарыстары елді тұрақсыз бір құрылымға итермелеуде.

Екі бөлек әкімшіліктің қыспағындағы елде бір жақта бас қала Триполидегі әкімшілікті бақылауында ұстауға тырысқан Ұлттық Келіссөз Үкіметі, екінші жақта генерал Халифе Хафтердің қарулы күштерімен болмысын жалғастырған Тобруктағы Өкілдер Мәжілісі бар.



Ұқсас жаңалықтар