"Түркия болмаса, ДАИШ-пен күресте табысқа жете алмас едік"

Столтенберг Түркияның терроризммен күресте маңызды одақтас екенін айтты.

1345195
"Түркия болмаса,  ДАИШ-пен күресте табысқа жете алмас едік"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның НАТО-ның оңтүстік қанаты және Еуропаның қауіпсіздігі үшін маңызды одақтас екенін білдірді.

Еуропа Парламенті сыртқы байланыстар комитетінде сөз сөйлеп, депутаттардың сұрақтарына жауап берген Столтенберг Еуропаның өз қауіпсіздігі үшін АҚШ және Түркиядан бас тарта алмайтынын атап көрсетті.

Столтенберг Түркияның терроризммен күресте маңызды одақтас екенін айтты.  Ол террорлық ұйым ДАИШ-пен күресте Түркияның зор үлесі болғанын білдірді.

«Түркия – маңызды одақтас.  Түркия сонымен бірге террорлық лаңкестіктерге ең көп душар болған одақтас. ДАИШ-ке қарсы күресте маңызды рол ойнайды.  Ирак пен Сирияға шекаралас Түркия қамдаған инфрақұрылым болмағанда,  ДАИШ-ке қарсы күресте табысқа жету мүмкін емес еді» деді ол.

Сонымен қатар НАТО Бас хатшысы Еуропадағы әскери ынтымақтастық пен ортақ армия таластарына да тоқталды. Еуропаның қорғанысқа инвестициясын арттыруының НАТО-ға балама қалыптастыру еместігін айтты. Ол Еуропа Одағына мүше емес НАТО одақтастарымен ара қашықтықты ашудың дұрыс еместігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар