Түркия Ганновер Бас консулдығына шабуылды айыптады

ТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдеме мәлімдеме жасады

2121059
Түркия Ганновер Бас консулдығына шабуылды айыптады

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтастарының Түркияның Ганновер Бас консулдығына жасаған шабуылына Түркия наразылық көрсетті.

ТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «26 наурыз түні Ганновер Бас консулдығымыздың кіреберіс қақпасына PKK террор ұйымы жақтаушылары тарапынан шабуыл жасалды. Оқиғада адам шығыны мен жарақат алған болмады.

Шабуылдың артынан неміс лауазымдылармен байланысқа шығып, азаматтарымыз бен дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігіне неміс мекемелерінің жауапты екені еске салынып, Еуропадағы түрік қоғамын арандату мақсатты әрекеттерге жол бермеу керектігі айтылды.

Тығырыққа тірелген террор ұйымы PKK-ның Еуропадағы түрік қауымын мазалауға бағытталған әрекеттерінің арта түскені байқалады. Азаматтарымыздың парасаттылығының арқасында бұл арандатушылықтар үлкен оқиғаларға айналып кетпеді.

Тиісті елдерден талабымыз – террор ұйымы жақтаушыларының лаңкестік әрекетіне жол берілмей, шабуыл жасағандардың тезірек жауапқа тартылуы» делінді.



Ұқсас жаңалықтар