Түркия Германиядан қауіпсіздік шараларын күшейтуін сұрады

Түркияның Германиядағы елшісі Шен Сыртқы істер министрлігінде неміс әріптестерімен бас қосты.

2121272
Түркия Германиядан қауіпсіздік шараларын күшейтуін сұрады

Түркия бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтаушыларының Ганновер Бас консулдығына шабуылының артынан Германия мекемелері алдында шара қолданды.

Түркияның Германиядағы елшісі Ахмет Башар Шен Германия Сыртқы істер министрлігінде әріптестерімен кездесіп, Түркияның талаптарын жеткізді.

Елші Шен бөлшектеуші террор ұйымының үгіт-насихат, адам табу және қаржы ресурстары әрекеттерімен батыл түрде күресу керектігін баса айтты.

Соңғы күндері бөлшектеуші террор ұйымы жақтаушылары жасаған зорлық-зомбылық әрекеттерге алаңдаушылық білдірген елші Шен Түркияның дипломатиялық өкілеттіктерінің, бөлшектеуші террор ұйымы нысанаға алынуы мүмкін ұйымдар мен кәсіпорындарда қауіпсіздік шараларын күшейтілуін сұрады.

Бөлшектеуші террор ұйымы жақтаушылары алдынғы күні кешке Түркияның Германиядағы Ганновер Бас консулдығы ғимаратына шабуылдап, ғимараттың әйнектерін қатты заттармен сындыруға әрекет жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар