Түркия әлемге үлгі болып отыр

Стамбулда Төтенше жағдай ауруханасы ашылды.

1425920
Түркия әлемге үлгі болып отыр

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлемге әсер еткен жаңа типтегі коронавирус эпидемиясымен күресте Түркияның бүкіл әлемге үлгілі табысқа жеткенін айтты. 

Денсаулық сақтау министрі Стамбулда Санжактепе Проф. Фериха Өз Төтенше жағдай ауруханасының ашылу рәсімінде сөз сөйледі. Ол президент Режеп Тайып Ердоған көрсеткен мақсатта медицинада Түркияның жаңа дәуір ашқанын айтты. 

Сovid-19 пандемиясының бүкіл әлемге көп нәрсе үйреткенін еске салған Кожа: “Бүгінге дейін медицина саласына жасалған инвестициялардың қаншалықты орынды екенін және медицина инвестицияларының дамудың орталығында болуы керектігін көрсетті” деді. 

Әлемге әсер еткен Covid-19 пандемиясымен күресте Түркияның бүкіл әлемге үлгі болатындай табысқа жеткенін айтқан министр: “Күн өткен сайын нығайған медицина саламыз 21-ғасыр әлемінде Түркияның есімін “медицина елі” деп жаздыратын болады” деді.



Ұқсас жаңалықтар