Түркия Ливия жиналысынан шығып кетуге бел байлады

Түркия Италияда ұйымдастырылған Ливия тақырыпты конференциядан шығып кетуге бел байлады.

1087132
Түркия Ливия жиналысынан шығып кетуге бел байлады

Түркия Италияда ұйымдастырылған Ливия тақырыпты конференциядан шығып кетуге бел байлады.

Италияда болған президент орынбасары Фуат Октай «Түркияны ренжіткені үшін Ливия тақырыпты жиналыстан шығып кетуге бел байладық» деген мәлімдеме жасады.

Октай осы тақырыпқа байланысты жасаған мәлімдемесінде «Халықаралық ұйым өкінішке орай бүгін таңертең бірлік ішінде бола алмады. Кейбір елдер Италияның үй иелігін сылтау ете отырып, бір жақты килікті. Кейбір елдер процесті өз мүдделері үшін қолдағысы келді. Осындай жағдайда Ливияда тұрақтылық орнығуы мүмкін емес. Ливияға шетелдіктердің көп килікпеуі керек» деген сөздер қолданды.

Басқа елдердің керісінше Түркияның Ливиялық және аймақтық актерлермен диалогқа ашық екенін білдірген Октай «Ливиядағы қазіргі қиын жағдайда жауапкершілігі болған елдердің килігуі процеске болымды үлес қоспайды» деді.

Түркия орын алмаған мұндай жиналыстың процеске үлес қосуының мүмкін емес екенін түсіндірген Октай «Бүгін таңертең кейбір тараптар арасында бейресми жиналыс өткізді. Олар өздерін Жерорта теңіз аймағындағы басты актер деп жариялады. Біз зиян тигізетін бұл тұғырға қатал қарсы шығудамыз. Түркияны ренжіткені үшін жиналыстан шығып кетуге бел байладық» деді.


Этикеттер: #Ливия , #Түркия , #Италия

Ұқсас жаңалықтар