Түркия мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынасты күшейту керек

Элиза Феррейра Газиантеп облысының әкімі Кемал Чебер және Газиантеп қаласының  мэрі Фатма Шахинмен кездесті.

2132414
Түркия мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынасты күшейту керек

Еуропа Одағы (ЕО) комиссары Элиза Феррейра Түркия мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жақсы орай екенін айтты.

Элиза Феррейра Газиантеп облысының әкімі Кемал Чебер және Газиантеп қаласының  мэрі Фатма Шахинмен кездесті.

Феррейра кездесуінен кейін журналистерге Түркияның ЕО-ның және ЕО-ның да Түркияның үлкен серіктесі екенін айтып, сөзын былай  жалғастырды:  «Әсіресе ынтымақтастық пен тұрақтылық бұрынғыдан да маңызды болып тұрған уақытта бұл ынтымақтастықты нығайту өте маңызды. Індет аяқталды, айналамызда соғыстар жүріп жатыр және Түркияда жер сілкінісі болды (2023 жылғы 6 ақпан). Сондықтан Түркия мен ЕО арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жақсы орай. ЕО Түркияның өте маңызды сауда серіктесі болып табылады. Еуропалық Одақ пен Түркияның арасында айырмашылықтар болғанымен ынтымақтастықты күшейтетін көптеген сала бар».



Ұқсас жаңалықтар