Түркия мен Ұлыбритания еркін сауда келісімі өте жақын

Министр Чавушоғлу өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өнімдері саласын сауда келісіміне өте жақын екендерін атап көрсетті.

1452745
Түркия мен Ұлыбритания еркін сауда келісімі өте жақын

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Ұлыбританиямен өнеркәсіп өнімдері, ауылшаруашылығы өнімдері және қызметтерін қамтитын бір еркін сауда келісіміне қол қоюға өте жақын екендерін атап көрсетті.

Чавушоғлу сәрсенбі күні Лондонға жасаған ресми сапарында Financial Times газетіне сұхбат берді. Чавушоғлу сұхбатында екі тарап арасында көп тақырыпта келіскендерін бірақ кейбір техникалық тақырыптарға соңғы реттеулердің енгізілу керектігін атап көрсетті.

Еркін сауда келісімі үшін «Өте жақсы деңгейде қорытуға жақындадық» деген Чавушоғлу «Өзара саудамыздың көлеміне қарайтын болсақ, мұның 95 пайызы өнеркәсіп өнімдерінен тұрады және бұл тақырыпта толық келістік. 5 пайызы болса ауылшаруашылығы өнімдері және қызметтерінен тұрады» деді.

Ұлыбританияның Түркияның «стратегиялық ортағы» екеніне назар аударған Чавушоғлу Ұлыбританиямен Brexit-тен  кейінгі кезеңде өзара сауданы арттыруға шешім қабылдағандарын және бұл аяда 20 миллиард долларлық бір нысана белгілегендерін атап көрсетті.

Чавушоғлу еркін сауда келісіміне қоса, түрік азаматтарының Ұлыбританияда кәсіпорын ашуына мүмкіндік беретін Анкара келісіміне (1963) ұқсас бір келісімнің дайындалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар