"Түркия- НАТО үшін маңызды ел"

Столтенберг Францияның Le Figaro газетіне сұхбат берді.

1310506
"Түркия- НАТО үшін маңызды ел"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның НАТО үшін өте маңызды ел екенін білдірді.

Столтенберг Францияның Le Figaro газетіне сұхбат берді.

Франция президенті Эммануэль Макронның «НАТО-ның «миы өлді» деген сөздеріне баға берген Столтенберг: «НАТО- қауіпсіздік тақырыптарында өміршең маңызда.  Күн сайын бір миллиардқа жуық адамды қорғап, қорғанысқа ең үлкен үлесін ондаған жыл жалғастыра отырып дәлелдеді» деді.

Түркияның «Бейбітшілік бұлағы» операциясына да тоқталған НАТО Бас хатшысы: «Түркия одақтастарының базаларын қолдануына рұқсат беріп,  террорлық ұйым ДАИШ-пен күреске қосылды.  Түркия – НАТО құрамындағы Сирия және Иракпен шекаралас жалғыз ел.  3,6 миллион босқынға құшақ жайды.  Түркия – НАТО үшін өте маңызды. Мұны түсіну үшін картаға қарап,  Түркияның геостратегиялық жағдайын тексеру жеткілікті» деді.

Столтенберг НАТО және Еуропа Одағының бір-бірінің бәсекелесі еместігін,  екеуі арасында таңдау жасауға мәжбүр болмау керектігін айтты.

Столтенберг Норвегия, Исландия,  Түркия,  Америка Құрама Штаттары, Канада және Ұлыбританияның Еуропаның қауіпсіздігі үшін маңызды рол ойнағанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар