"Түркия террорға рұқсат бермейтінін әлемге көрсетті"

Вице-президент Фуат Октай Зәйтүн бұтағы операциясының бірінші жылдығына орай жеке Twitter парақшасынан мәлімдеме жасады.

1129755
"Түркия террорға рұқсат бермейтінін әлемге көрсетті"

Вице-президент Фуат Октай Түркияның террорға ешқандай рұқсат бермейтінін әлемге көрсеткенін білдірді.

Фуат Октай Зәйтүн бұтағы операциясының бірінші жылдығына орай жеке Twitter парақшасынан мәлімдеме жасады.

Октай «Шекараларымызда пайда болуы ықтимал террор батпағын құрту, аймаққа тыныштық орнату үшін алдымен Евфрат Қалқаны операциясы, кейін Зәйтүн бұтағы операциясымен террорға ешқашан жол бермейтінімізді және осы тақырыптағы табандылығымызды әлемге көрсеттік. Африн операциясының жылдығына орай шәйіттеріміздің барлығына Алланың рақымшылығын, ардагерлерімізге зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар