Түркия террормен күресті табысты жүргізуде

Мұстафа Шентоп Түркияның қол жеткізген технологиялық табыстарымен террормен күресте өте жақсы нәтижеге жеткенін айтты.

1663315
Түркия террормен күресті табысты жүргізуде

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның қол жеткізген технологиялық табыстарымен террормен күресте өте жақсы нәтижеге қол жеткізгенін білдірді.

Мұстафа Шентоп Оңтүстік-Шығыс Еуропа Ынтымақтастық процесі парламенттер ассамблеясының 8-ші жалпы кеңес жиналысына қатысты. Шентоп Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде террор оқиғаларының әлемдегі технологияның дамуымен тіпті қиын мәселеге айналғанына назар аударды. 

Шентоп кейбір елдердің технологияның мүмкіндіктерін халықаралық террор ұйымдарына бергенін атап өтті. Мұстафа Шентоп "Террор ұйымдарына қарсы бірлесе отырып күрес жүргізуіміз керек" деді. 

Террормен күрестерде соңғы жылдарда қол жеткізген табыстарға тоқталған Шентоп:

"Технологиялық дамулар, әсіресе Ұшқышсыз әуе көліктері және Қарулы ұшқышсыз аппараттарымен байланысты қол жеткізген табыстарының нәтижесінде - террормен күресте өте жақсы нәтиже жараттық" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар