Түркияда коронавирустан 356 кісі көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта 79 жан шығыны тіркелгенін хабарлады.

1390176
Түркияда коронавирустан 356 кісі көз жұмды

Түркияда жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінен қайтыс болған адам саны 356-ға көбейді.  

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағаттың ішінде 79 жан шығыны тіркелгенін, қайтыс болғандардың жалпы саны 356 кісіге көбейгенін жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда 18 мың 757 адамның тексерілгені, соңғы 24 сағат ішінде  2 мың 456 жаңа оқиғаның анықталғаны білдірілді.

Бүгін 82 науқастың сауығуымен Сovid-19 індетінен емделген 415 адам үйлеріне жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар