Түркияда Ковид-19 індетінен 78 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавирус індетін жұқтырған 322 мың  465 адам емделіп, сауығып кетті.

1519038
Түркияда Ковид-19 індетінен 78 кісі қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус індеті себепті 78 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 10 мың 177 кісіге жетті.

Бір күнде 136 мың 525 сынама жүргізіліп, 2 мың 322 адамға жаңа диагноз қойылды.

Ауруханадан шыққан 1 мың 703 адамды қосқанда, аурудан айығып кеткен азамат саны 322 мың  465 адамға көбейді.



Ұқсас жаңалықтар