Түркиядан Ливанға жәрдем мәлімдемесі

Түркия Ливан халқының жедел қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жұмыстарын бастағанын жариялады.

1467654
Түркиядан Ливанға жәрдем мәлімдемесі

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Ливанда кешегі жарылыстың артынан Түркияның Ливан халқының жедел қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жұмыстарын бастағанын жариялады.

Аксой Бейрут портындағы жарылыстың артынан Түркияның Ливанға жасайтын көмегімен байланысты сұраққа жауап қайтарды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен жұмыстардың басталғанына назар аударған Аксой «Денсаулық сақтау министрлігі, Апат және төтенше жағдайлар басқармасы және Түрік қызыл жарты ай қоғамы арқылы аймаққа іздеу құтқару тобы мен денсаулық қызметкерлері жіберілуде, жылжымалы аурухана құру жоспарлануда, сондай-ақ дәрі-дермекке қоса жедел гуманитарлық материалдар жолға шығуға дайын. Бұл қиын күндерді ынтымақтастықпен тезірек бастан кешуін тілеп, дос және бауырлас Ливан мемлекетіне әртүрлі қолдауды беруді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар