Түркиядан Макгурктың мақаласына наразылық

Ибрахим Калын АҚШ-тық лауазымды Бретт Макгурктың Түркияны нысанаға алған сөздеріне наразылық көрсетті.

1129215
Түркиядан Макгурктың мақаласына наразылық

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ президенті Дональд Трамптың террор ұйымы ДАИШ-пен күрес бұрынғы арнайы өкілі Брет Макгурктың Түркияны нысанаға алған сөздеріне наразылық көрсетті.

Калын Макгурктың Вашингтон пост газетінде 20 қаңтар күні жариялаған мақаласындағы Түркияға бағытталған сөздеріне әлеуметтік парақшадан жауап қайтарды.

Макгурктың АҚШ-тың Сириядан шегіну шешімімен байланысты жазған мақаласында Түркияны нысанаға алған және террор ұйымын мақтаған сөздеріне қайтарған жауабында «Сараптамаңыз дұрыс емес. Түркияға бағытталған айыптауларыңыз, толығымен есуастық, тек қана PKK насихаттауының қайталауынан тұрады. Түркия жүз мыңдаған сириялық араб, күрд, Ассирия (Сүрияни) және басқа ұлттардың жанын құтқарды. PKK-ны қайтадан жандандырмақсыз. Осы жүзеге аспайды» деді.

Макгурк мақаласында Трамптың Сириядан кері шегіну шешімін сынға алып, Түркияның сенімді бір ортақ емес екенін алға тартқан және террор ұйымдарын мақтайтын сөздер қолданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар