Түркияның Германиядағы консулдығына шабуыл жасалды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Германиядағы арандатушылығы жалғасуда.

2121048
Түркияның Германиядағы консулдығына шабуыл жасалды

Бөлшектеуші террор ұйымы жақтастары кеше түнде Түркияның Ганновер Бас консулдық ғимаратына тас және таяқпен зиян келтірмек болды.

Консулдық ғимаратының әйнектерін сындырып, есігіне зақым келтірмек болған сепаратистік ұйым жақтаушылары ұран тастап, аймақтан қашып кетті.

Оқиғадан кейін бас консулдық ғимараты мен оның маңайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Түрік лауазымдылар болса неміс мекемелерімен байланысқа шығып, шабуыл бастамасы әрекетін жасағандарды табуды талап етті.



Ұқсас жаңалықтар