Түркияның ең биік көпірі іске қосылады

Караисмаилоғлұ Ван-Татван-Тбилиси мен Сиирт-Мардин-Батман желісін бір-біріне жалғаған Ботан Чайы Бегендик көпірінің ертең іске қосылатынын сүйіншіледі.

1452724
Түркияның ең биік көпірі іске қосылады

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлұ Ван-Татван-Тбилиси мен Сиирт-Мардин-Батман желісін бір-біріне жалғаған Ботан Чайы Бегендик көпірінің ертең іске қосылатынын сүйіншіледі. 

Караисмаилоғлұ жазбаша мәлімдемесінде президент Режеп Тайып Ердоғанның тікелей эфир арқылы қатысатын рәсіммен іске қосылатын Бегендик көпірінің 165 метр биіктікте екенін және осы биіктігімен Түркияның ең биік көпір атағын алатынын білдірді. 

Министр Караисмаилоғлұ аталмыш жоба арқылы Ван мен Сиирт-Первани арасындағы саяхат уақытының 5 сағаттан 2 сағатқа азаятынын түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар