Түркияның Израильмен әскери салада ынтымақтастығы жоқ

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Израильмен әскери жаттығулар және қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы сияқты іс-әрекеттерінің жоқ екенін мәлімдеді.

2120730
Түркияның Израильмен әскери салада ынтымақтастығы жоқ

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Израильмен әскери жаттығулар және қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы сияқты ешқандай іс-әрекеттерінің жоқ екенін мәлімдеді.

Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израильдің Газа секторындағы ауруханаларды, мектептерді, ғибадат орындарын, босқындар лагерлерін және бейбіт тұрғындарды нысанаға алған шабуылдарының жалғасып жатқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде былай делінді: «Әрқашан Палестинаға қолдау көрсеткен Түркия Республикасының палестиналықтарға зиянын тигізетін әрекет жасауы немесе қатысуы мүмкін емес. Осы тұрғыда Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Израильмен әскери жаттығулар және қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы жоқ».



Ұқсас жаңалықтар