"Түркияның мақсаты террордан тазаланған қауіпсіз аймақ құру"

Коммуникация басқармасы төрағасы жеке твиттер парақшасынан мәлімдеме жасады.

1310342
"Түркияның мақсаты террордан тазаланған қауіпсіз аймақ құру"

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның Сирия шекарасынан террор ұйымдарын жаппай тазалау үшін бастаған операцияның террор ұйымы ДАИШ-ті қайта жандандыратынына себеп болатын жөніндегі қауесеттердің нақты түрде шындыққа жатпағанын білдірді.

Жеке твиттер парақшасынан ағылшын тілінде мәлімдеме жасаған Алтун Түркияның ел көлемі және шетелде террор ұйымы ДАИШ-пен күресін табандылықпен жалғастырғанына назар аударды.

Фахреттин Алтун барлық террор ұйымдарына қарсы күрес жүргізген Түркияның мақсаты ның әртүрлі террор ұйымынан тазаланған қауіпсіз аймақ құру екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар