"Тыйым салынған оқ-дәрі қолданбадық"

Ұлттық Қорғаныс министрі «Пенче-3» операциясында 158 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

1310200
"Тыйым салынған оқ-дәрі қолданбадық"

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігінде жүргізілген «Пенче-3» операциясында қазірге дейін 158 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» операциясы нәтижесінде де шамамен 400 мың сириялықтың еліне оралғанын айтты. Министр аймақтың террорден тазаланғанын білдірді.

«Бейбітшілік бұлағы» операциясында бүгінге дейін 1200 шақты террористтің залалсыздандырылғанын айтқан Акар: «Біз халықаралық құқық және келісімдер арқылы тыйым салынған ешбір оқ-дәріні немесе химиялық қару қолданбадық. Қолданбаймыз.  Жасырын ұяшықтар болса да,  аймақ жалпы террорден тазаланды. Террористтердің шабуылдары жалғасуда.  Америка Құрама Штаттары және Ресеймен кездесулерімізде бұларды айтып отырмыз. Операция нәтижесінде 4300 шаршы километрлік алаң,  600 елді мекен бақылауға алынды. M4 автожолында бақылау бекеттері қалыптастырылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар