Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысы өтті

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы президент Режеп Тайып Ердоған төрағалығында өткізілді.

1833257
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысы өтті

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Түркияның оңтүстік шекарасындағы операциялардың ұлттық мұқтаждықтың қажеті екенін, көршілердің тыныштығын да қорғағанын білдірді.

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы президент Режеп Тайып Ердоған төрағалығында өтті.

Жиналыстан кейін жарияланған мәлімдемеде:

"Түркияның оңтүстік шекарасында атқарылған және жалғасқан операциялар көршілердің территория тұтастығын нысанаға алмағаны, ұлттық қауіпсіздікті қамдаудың қажеті екені білдірілді және шекара тысы операциялардың көршілердің тыныштығы үшін ұйымдастырылғаны" атап көрсетілді.

"Терроризмге қолдау беру арқылы халықаралық құқықты аяқ-асты еткен елгерді осы тұғырынан бас тартуға, Түркияның қауіпсіздік жайлы сезімталдығына құрмет көрсетуге" шақырылған мәлімдемеде:

"Халықаралық одақтастықтарда одақтастық рухы мен құқықты әрқашан орындап келген Түркияның осындай жауапкерлік пен шынайылықты одақтастарынан да күтетіні жеткізілді" деп жазылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні өткізілген Министрлер Кабинеті жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде:

"Оңтүстік шекараларымыз бойынша 30 километрлік тереңдікте сенімді аймақ қалыптастыру жұмысымыздың олқылықтарын толықтау мақсатымен тың қадам басудамыз. Елімізге және сенімді аймақтарымызға үнемі жасалып келе жатқан шабуылдардың орталығына айналған алаңдар операциямыздың басты нысаналары болып табылады. Түрік Қарулы Күштеріміз, Полиция күштеріміз, барлау ұйымдарымыз дайындықтарын аяқтаған кезде осы операцияларды бастаймыз" деп көрсеткен болатын. 



Ұқсас жаңалықтар