Үш террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды

Чукурджа ауданында да екі террорист залалсыздандырылды.

1268023
Үш террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды

Муштың Шеняйла ауданында Қалалық жандармерия қолбасшылығы тарапынан жүргізілген операцияда үш террорист қаруларымен бірге залалсыздандырылды.

Операцияда айырықша террористтердің қолдан жасалған жарылғыштары мен бұйымдары қол түсірілді.

Хаккаридің Чукурджа ауданында да екі террорист залалсыздандырылды.

Сонымен қатар Мардинде қалаларға бомбалы шабуыл жасау үшін, орманда өрт шығару үшін жолданған екі террорист ұсталды.

PKK/KCK террор ұйымының іс-әрекеттерін әшкерелеу мақсатымен кеше операция ұйымдастырылды.

Операцияда террор ұйымы PKK/KCK-PYD/YPG тарапынан Түркияда шабуыл үшін дайындалған және елге жіберілген екі террорист ұсталды.

Ұсталған террористтер қамауға алынды.

Ванның Гүрпыран ауданында болса террористтердің үш баспанасы табылды.  Ішіндегі оқ-дәрі мен бұйымдары тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар