Вице-президент Ираннан келген қонақпен кездесті

Фуат Октай Иран президентінің Ғылым және технологияға жауапты орынбасары Сорена Саттаримен бас қосты.

1344911
Вице-президент Ираннан келген қонақпен кездесті

Вице-президент Фуат Октай Иран президентінің Ғылым және технологияға жауапты орынбасары Сорена Саттаримен бас қосты.

Президенттік сарайда бір сағат болған кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

Кездесуде Түркия мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қатынастар талқыланып, сауда айналымының арттырылуы үшін жұмысты тездету керектігі тақырыбында келісілді.

Кездесуге ТР Өнеркәсіп және технология министрінің орынбасары Хасан Бүйүкдере,  Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесінің төрағасы,  Проф. Хасан Мандал және Иранның Түркиядағы өкілетті елшісі Мұхаммед Фаразманд та қатысты.



Ұқсас жаңалықтар