Жерорта теңізінде жаттығу басталды

«Куртаран-2022» жаттығуы басталды.

1832779
Жерорта теңізінде жаттығу басталды

Түрік Теңіз, Құрлық және Әуе күштері мен Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығы бірігіп «Куртаран-2022» жаттығуын бастады.  Шетелдік бірнеше елдің бақылаушылары орын алған жаттығудың баспасөзге ашық сатысы болып жатыр.

Жаттығуға Түркиямен бірге Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, Болгария, Эквадор, Индонезия, Оңтүстік Корея, Испания, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Пәкістан, Польша және Иорданиядан 26 бақылаушы қатысып отыр.

Мугланың Мармарис Аксаз портынан қозғалған «TCC Alemdar» сүңгуірінен құтқару кемесі Жерорта теңізіне шықты. Кемеде Құтқару және Суасты қолбасшысы Полковник Өзгүр Кенан Тансой брифинг берді.

Жаттығуға бір фрегат, үш сүңгуір кеме, бір сүңгуір құтқару кемесі,  екі құтқару кемесі,  бір мина тазалау кемесі,  бір әскери кеме,  бір тікұшақ қатысуда.

Жаттығу 27 мамыр күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар