06 Mayıs 2022 17:02
Түркияның Ұлыбей шатқалы аймақтың танымал табиғи нысаны. Ол әлемдегі ең ұзын шатқалдардың қатарына кіреді. Тереңдігі 170 метрге, ал кейбір жерлерде 500 метрге дейін жетеді.
Шатқал өзінің сарғыш жартасты құрылымымен және түрлі өсімдіктерімен ерекшеленеді.
Миллиондаған жылдар бойы жел мен су Ұлыбейдің қызғылт құмтасын мүсіндеген, ал қазір туристер нәтижесінде табиғатта қалған қызық фигураларға таң қалады.
Жартастармен қоршалған көп ғасырлық Ұлыбей шатқалы ашық аспан астындағы мұражайға ұқсайды.
Шатқалдың ішкі бөлігінде ежелгі Бландос қаласынан қалған 1800 жастағы жартасты қабірлер орналасқан. Сонымен қатар аймақта Осман және Селжүк дәуірлерінен қалған қирандыларды көруге болады.