30

Анкарада "Ынтымақтастықтың 30 жылдығында Қазақстан-Түркия қатынастары" атты конференция ұйымдастырылды.

Анкарада "Ынтымақтастықтың 30 жылдығында Қазақстан-Түркия қатынастары" атты конференция ұйымдастырылды.

28 Nisan 2022 21:34

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі “Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығында” (ANKASAM) өткен конференцияда соңғы 30 жылдағы "Түркия мен түркі мемлекеттерінің сыртқы саясаттағы қарым-қатынасы" дәріс оқыды.

Қыдырәлінің айтуынша, Қазақстан мен басқа да түркітілдес мемлекеттерінің қарым-қатынастарын өзара дамыту процесінде белгілі бір кезеңдер өтті: 1992-1998 жылдары мәдени байланыстар, ал 1998-2000 жылдары экономикалық байланыстар жүргізілді.

"Түркі мемлекеттері 2000-2006 жылдары корпоративтік ынтымақтастықты кеңейтуді бірінші орынға қойды, осы кезеңде түркі әлемінің ғылыми интеграциясын қамтамасыз ету үшін Түрікі Кеңесі, Түркі елдерінің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) және Түркі академиясы құрылды" - деді Қыдырәлі.

Дәріс аясында БАҚ өкілдері мен саяси сарапшылардың тамырлас түркі әлеміндегі терең ынтымақтастық, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыстар және оның болашағы, қара шаңырақ қазақ елінің көп векторлы сыртқы саясаты және жаңа Қазақстандағы саяси реформалар туралы көптеген сұрақтарға жауап берілді.

Конференциядан кейін ANKASAM президенті Мехмет Сейфеттин Ерол Қыдырәліге арнайы сыйлық тапсырды.

Жаңалықтар