Қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қазақтың әйгілі әншісі - Күләш Бәйсейітова

Лирика-колоратуралық сопраноның мамны, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Жасынқызы Бәйсейітова 1912 жылы дүниеге келді.

11 Haziran 2022 14:24

Гүлбаһрамның әншілікке бейімдігі, музыкалық табиғи таланты кішкене күнінен-ақ байқалған. Бұлай болуға әкесі Жасын кезінде жап-жақсы әнші болғаны, ел аралап ән салғаны да елеулі себеп болса керек. Бұл жайлы Қанабек Бәйсейітов өзінің кітабында: «Әкесі Жасын – әжептеуір әнші болған, сері адам. Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге жүріпті.

Алғашында спектакльдерде көпшілік сахналарда кішігірім қосалқы рольдермен сахнаға шығып жүрген Күләш не бары бір-екі жылдың ішінде әнші-әртістік шеберлігімен көрініп, театрдың белді өнерпаздарының қатарына орын алады. Театрдың сол кездегі барлық жұмысынан бас тартпай, «театрдың отымен кіріп, күлімен шығып» беріле жан-тәнімен еңбектені арқылы ол жаңа кәсіптің қыр-сырын меңгеруге күш салды. 

Әншінің тұрақты репертуарында 30-40-тай ән-романстар болып, талай көрермен тыңдаушыларының ыстық ықыласына бөленген. Күләштің орындауындағы «Сараның ариясы», «Ажардың ариясы», «Шіркін-ай», «Гәкку», «Қос қарлығаш», «Бұлбұл», «Қазақ вальсі», «Ласточка», «Шла девица», «Колокольчик», «Тонкая рябина», т.б. көптеген халықтардың әндері ерекше сезіммен, жұрек қылын тарта отырып тыңдармандарына жеткен. Зор жауапкершілік жүгін арқалаған халық әншісі өзінің міндеттерін халықтың көңілінен шыға білетіндей деңгейде атқарып, қалың бұқара халықтың бұлбұл әуезді әншісі атына сай болып, ылғи халық арасынан табыла білген.

Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүниежүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді.

Жаңалықтар