Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспортына шектеу қою туралы шешім қабылдады.

19 Nisan 2022 15:46

Министрліктің мәлімдемесінде шешімнің аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты ішкі нарықта тапшылықтың алдын алу және ұн зауыттарын толтыру мақсатында қабылданды.

Мәлімдемеде еліміздегі бидай мен ұн экспортына 2022 жылдың 15 маусымына дейін шектеу енгізу туралы шешім қабылданғаны айтылған.

Аталған шектеу шеңберінде белгіленген квотаға сәйкес бидай экспорты 1 млн тоннадан, ал ұн экспорты 300 мың тоннадан аспауы тиіс.

Орталық Азияның "астық қоймасы" ретінде танымал Қазақстан жыл сайын 16 млн тоннаға жуық астық, оның ішінде 10 млн тонна бидай өндіреді.

Қазақ бидайының негізгі тұтынушылары - Өзбекстан, Иран, Ауғанстан және Қытай. 

Жаңалықтар