05 Haziran 2022 12:54
Қазақстанда 27 жылдан кейін жаңадан конституциялық референдум өтеді.
Референдумда 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған қолданыстағы Конституцияның үштен бірі өзгертіледі деп болжануда.
Осылайша, осы жылдың қаңтар айының басында болған жаппай оқиғалардан кейін елде басқару жүйесін қайта құру жоспарланған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Парламенттің бірлескен отырысында көпшілік алдында сөйлеген сөзінде мемлекеттің саяси жүйесін жан-жақты жаңартуға арналған реформалардың жаңа пакетін ұсынды.
Тоқаев "қаңтар оқиғаларынан" кейін жариялаған саяси реформалардың осындай пакетімен елде "жаңа Қазақстан" немесе "екінші Республика кезеңі" деп аталатын процесс басталатынын айтты.
Негізгі қағидаты әділ қоғам ретінде сипатталған "жаңа Қазақстан" моделін құру үшін конституциялық өзгерістер енгізу ұсынылды.
29 сәуірде Қазақстан қоғамдық Ассамблеясының кезектен тыс отырысында конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы өтетіні белгілі болды.
Конституциялық өзгерістер
- «Жалпы ережелер» деп аталатын бірінші бөлімде меншікке арналған алтыншы баптағы бір ғана тармақ өзгереді. Бұрын жердің асты-үстіндегі барлық байлық мемлекет меншігінде еді. Енді ол халық меншігіне өтеді. Ал мемлекет халық атынан оны басқару құқығына ие болады.
Өзгеше айтқанда, бұл өзгеріс тек шартты сипатқа ие.
- «Адам және азамат» бөлімінде өлім жазасы терроризм мен аса ауыр қылмыстар үшін ерекше жаза екені туралы екіұшты формуланың орнына қарапайым және қысқа «өлім жазасына тыйым салынады» деген сөз келеді.
Сондай-ақ, еріксіз еңбекке қандай жағдайларда жол берілетіні туралы норма да өзгереді. Егер бұрын: «Сот үкімі бойынша» деп айтылған болса, енді - «кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде» деп айтылатын болады. Яғни, еріксіз еңбек жазаның ықтимал опцияларының бірі болады.
Құқық қорғайтын жаңа институттар құрылады: Олар - Конституциялық сот (Конституциялық Кеңестің орнына) және Жоғары аудиторлық палата (Есеп палатасының орнына). Олардың функциялары бұрынғыша қалады, бірақ өкілеттіктері кеңейтіледі. Атап айтқанда, Конституциялық сот азаматтардың өтініштерін қарайды. Бұл ретте Конституциялық соттың судьяларын Президент (төрт), Сенат (үш) және Мәжіліс (үш) тағайындайды. Парламенттік бөлімге енгізілген өзгерістер ең көлемді, бірақ олардың барлығы заңдарды қабылдау регламентін реттейді. Мәжіліс заң қабылдау жүйесіндегі негізгі институт болады. Олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін және бұл ретте заң шығару процесін оңтайландыратын, сондай-ақ, Мәжілістің заңнамалық және бақылау функцияларын күшейтетін жаңа рәсім енгізілуде.
11 миллион 700 мыңға жуық тіркелген сайлаушы
5 маусымда өтетін Конституциялық референдумда сайлаушы: "Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен келісесіз бе? "Иә" немесе "жоқ" деген сұраққа жауап береді.
Референдумда 11 миллион 700 мыңға жуық тіркелген сайлаушылар дауыс бере алады. Ол үшін бүкіл ел бойынша 553 сайлау учаскесі және 52 шет елде 65 сайлау учаскесі орнатылады.
Реферандумды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымының Парламенттік Ассамблеясы және басқа да халықаралық ұйымдар, жалпы шет елдерден 272 өкіл бақылайды.