Қазақстан мен Түркия арасындағы "Кеңейтілген стратегиялық серіктестік" Қазақстанда "маңызды" деген баға алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Анкараға ресми сапары аясында қабылданған Түркиямен қарым-қатынасты "кеңейтілген стратегиялық серіктестік" деңгейіне дейін арттыру туралы шешімді қазақ баспасөзі мен сарапшылары "маңызды" деп бағалады.

12 Mayıs 2022 13:04

Егемен Қазақстан:

"Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Түр­кия сапары екі бауырлас ел­дің қатынастарын жаңа дең­гейге көтерді. Түркі әлемі­нің екі ұшында, бірі шығы­сында, екіншісі батысында орна­ласқан Қазақстан мен Түр­кия дипломатиялық қатынас­тарының төртінші он жыл­ды­ғындағы ортақ іс-қимылдарын үй­лестіріп алды. Екі елдің гео­графиялық орналасуы және олардың арасындағы тығыз ынтымақтастық Еуропа мен Азияның қақ ортасында жатқан Балқаннан Байқалға дейінгі аймақтағы түркі әлемінің геосаяси маңыздылығын арттыра түседі. Ешкімге қарсы бағыт­тал­маған, бауырластықтан бастау алған бұл байланыстар Еуразия кеңістігіндегі өзге мемлекеттерге де жаңа мүмкіндіктердің жо­лын ашады. Сондықтан екі ел арасындағы экономикадан саудаға, энергетикадан ауыл шаруашылығына дейінгі бар­лық саланың дамуының стра­тегиялық мәні бар. Екі мемлекет басшысы сапар барысында үстелдің екі шетінде тұрып теннис ойнағанындай, Қазақстан мен Түркия тұтасып жатқан түркі әлемінің екі шетінде тұрып, тек түркі елдеріне ғана емес, бүкіл аймақтың саясатына оң ықпалын тигізері анық."

Қазақстандық саясаттанушы Ербол Еділов Telegram парақшасындағы түсініктемесінде Тоқаевтың Түркияға сапарын "сөзсіз тарихи деп атаған жөн" деп атап өтті.

Еділов екі ел арасында жоғары деңгейде қол қойылған 14 ынтымақтастық туралы келісімге назар аударып: "Қай келісім ең маңызды деп айту қиын, алайда қазіргі геосаяси жағдайға қарағанда, әскери өнеркәсіп саласындағы серіктестіктің мәні аса зор болып келеді." - деді.

Қазақстандық саясаттанушы Досым Сатпаев Facebook әлеуметтік желісінде Тоқаевтың Түркияға сапары бұрынғы Кеңестің геосаяси архитектурасының күрделі трансформация процесі аясында іске асырылғанын атап өтті.

Сатпаев Украинадағы соғыс туралы бұрын жазған мақаласына сілтеме жасай отырып, былай деп атап өтті:

"Қазақстан қауіпсіздігінің негізгі қағидаттарының бірі Ресейге де, Қытайға да қарсы аймақтағы күштердің геосаяси теңгерімін тұрақты ұстап тұру болып табылады. Осындай тепе-теңдіктің бірі- Түркі мемлекеттері арасындағы тығыз әскери-саяси ынтымақтастық."

Жаңалықтар