10 Mayıs 2022 13:22
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында Түркияға келген ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов елдің СІМ-де ресми рәсім аясында қарсы алынды.
Жақсылықов пен Акар екіжақты қарым-қатынас, өңірлік қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.
Министрлер 2019 жылы қол қойылған екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары үшін маңызды бағыт екенін атап өтіп, кездесу барысында әскери дайындық және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелерінде қазіргі қатынастарды жалғастырудың маңыздылығын айтты.