xii

Ислам мәдениетінің XII ғасырына тиесілі болған Сұлтан Санжар кесенесі Түркіменстанның Мерв қаласында орналасқан

Сұлтан Санжар кесенесі, Түркіменстанның түркі-ислам мәдениетіне тиесілі тарихи мұрасы.

13 Mayıs 2022 20:05

Түрікменстанның Мерв қаласы түркі-ислам тарихындағы маңызды мәдени және өркениеттік орталықтардың бірі ретінде танылған. 

Мерв қаласында сәулетші Мұхаммед бин Атсыз салған Сұлтан Санжар кесенесінің тарихи нақты білінбейді, алайда Сұлтан Санжардың қайтыс болғанына дейін (1153-1157) салынған деп ойланылуда. 

Сұлтан Санжар (1086-1157)  Ұлы Селжұқ мемлекетінің соңғы жарқын кезеңінің билеушісі, 39 жыл ішінде Мерв қаласының ірі мәдени орталыққа айналуында маңызды рөл атқарды. Сұлтан Санжар тұрғызған кесенесіне өзі "ақырет үйі" деп атау берген.

Бұл кесене Селжұқ сәулет өнерінің ерекше үлгілерінің бірі болып табылады. Кесенені салу кезінде қолданылатын әдісті Еуропада тек 300 жылдан кейін Ренессанс сәулетшісі Флиппо Брунеллеско "Санта Мария" мұнарасын салу кезінде қолданған.

1220 жылы болған Моңғол шапқыншылығының нәтижесінде Мерв қаласы толығымен жойылды. Сұлтан Санжар кесенесінің сыртқы күмбезі құлады, кесененің айналасындағы сәулет ескерткіштері қирады. Мерв қаласы осы шабуылдардан кейін бұрынғы қалпына келе алмады.

2002 жылы ТИКА тарапынан кесенені қалпына келтіру жұмыстары басталды және 2004 жылдың шілде айында аяқталды. Ескерткіш зиярат етілуге ашық.

Сұлтан Санжар кесенесі ЮНЕСКО-ның "Дүниежүзілік Мәдени мұра" тізіміне енгізілген.

Жаңалықтар