19 Şubat 2021 16:27
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Халықаралық Түркі Академиясы «Әлішер Науаи жылын» жариялады.
"Шығыстың жарқын жұлдызы Әлішер Науаи" конференциясына Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев, белгілі қазақ ақыны және аудармашы Несіпбек Айтұлы, Әлішер Науаи атындағы Ташкент өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ректоры Шухрат Сироджиддинов, Еуразиялық Жазушылар Одағының президенті Якуп Омароғлу, сондай-ақ түркі әлемінің танымал ғалымдары да қатысты.
Онлайн-конференцияда сөз айтқан Қыдырәлі белгілі ақын Әлішер Науаидың тұылғанына 580 жыл болғанына орай 2021-ші жылды «Әлішер Науаи жылы» деп жарияланғанын мәлімдеді. Бір жыл бойынша конференциялар және іс-шаралар өткізілетін болады.
Белгілі қазақ ақыны Несіпбек Айтұлы Әлішер Науаидың шығармаларын 30 жыл бойынша зерттеп жүргенін айтып, былай деді: "Әлішер Науаидың бай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс."