30 Nisan 2022 16:13
Қыдырәлі Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың басталғанына 30 жыл толғанын және осы 30 жыл ішінде екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығайғанын айтты.
Түркия Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде таныған бірінші ел болғанын еске сала отырып Қыдырәлі бұл қадам арқылы елдеріміздің қарым-қатынасы жаңа кезеңге өткеніне назар аударды.
Қыдырәлі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың күн сайын, әсіресе экономикалық, саяси және мәдени салаларда өсіп келе жатқанын атап өтті.
Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық институционалдық, жүйелі түрде дамып келе жатқанын мәлімдеген Түркі академиясының президенті соңғы уақытта Қазақстанда елеулі оқиғалар орын алғанын еске салды. Қыдырәлі еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Конституциясына енгізген өзгерістеріне тоқталды. "Бұл Тоқаев мырзаның демократия жолын ұстанатынын көрсетеді. Мемлекет басшының реформалары арқасында жұртшылықтың қолдауымен Қазақстан өз тәуелсіздігін батыл сақтап келеді." - деді ол.