Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау ұсынылды

Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөлі туралы мәртебе беретін норманы Конституциядан алып тастау жөнінде өтінім жолданды.

05 Mayıs 2022 12:59

 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин telegram каналы арқылы мәлімдеді.

«Бүгін Конституциялық Кеңес ел Конституциясына түзетулер енгізу жобасын жақтайтын қорытынды шығарды. Бұл Конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтеді. Сондай-ақ жұмыс тобының кейбір мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысы бар норманы алып тастау туралы қосымша өтінім жолданды. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекіту қажет етпейді», - деп жазды Қарин.

 

Жаңалықтар