Ұлы түркі ғалымы: Шамсул-Аимма Әбу Бакр Мұхаммед ас-Сарахси

Шамсул-Аимма Әбу Бакр Мұхаммед ас-Сарахси 1009 жылы Иран мен Түркменстан аралығында орналасқан – Серахс қаласында дүниеге келген.

02 Nisan 2022 16:52

Ас-Сарахси Бұхарада тағылым алып, тіпті шәкірт тәрбиелегендігі туралы белгілі.

Ас-Сарахсидің ең танымал және көлемі жағынан ең үлкен еңбегі «ал-Мабсут» атты еңбегі. Оның бұл шығармасы 30 томнан тұрады. Бүгінгі күнгі басылымдарында бұл кітаптың көлемі 15 кітап және 500 беттен кем емес.

Ас-Сарахси мешіті мен кешен

Қырғызстанның астанасы Бішкекте орналасқан Имам ас-Сарахси мешіті - Орталық Азиядағы ең үлкен ғибадат орындарының бірі.

Қала орталығында орналасқан мешіт өзінің 4 мұнарасымен түркі сәулет эстетикасын бейнелейді.

Анкарадағы мешіттің аналогы ретінде салынған мешітте бір уақытта 20 мың адам намаз оқи алады.

Шамамен 35 гектар жерге салынған мешіт пен оның кешені төрт бөліктен тұрады. Кешен құрамына мешіт, сондай-ақ Діни қызметтер кеңесі мен мүфтилер ғимараттары кіреді.

Орталық Азияда орналасқан мешіттерге ұқсамайтын мешіт өзінің ішкі және сыртқы сәулетімен ерекшеленеді. Имам ас-Сарахси мешіті Осман қолөнеріне сәйкес безендірілген оюлармен таң қалдырады.

Мешіттің құрылысы 2012 жылы басталып, 2018 жылы аяқталды.

Жыл бойынша мешітке мыңдағат адам ғибадат етуге келуде.

Жаңалықтар